12
наурыз
2026
“Төтенше жағдайға арналған дабыл сөмкесі” тақырыбында түсіндіру сабағы
Қазақстан Республикасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында “Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару” ұранымен ақпараттық-насихаттау іс-шаралары ұйымдастырылды. Осы жоспар негізінде 4-5 сынып оқушылары арасында “Төтенше жағдайға арналған дабыл сөмкесі” тақырыбында түсіндіру сабағы өткізілді. Іс-шараның мақсаты Оқушыларға төтенше жағдай кезінде қажет болатын дабыл сөмкесінің маңызын түсіндіру, оның құрамымен таныстыру және қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.Қойылған міндеттердің орындалуына талдау.Іс-шара барысында оқушыларға төтенше жағдайлардың түрлері туралы түсінік берілді. Атап айтқанда, табиғи апаттар, өрт, жер сілкінісі сияқты жағдайларда адамдардың қауіпсіз әрекет етуі туралы ақпарат ұсынылды. Сабақта дабыл сөмкесінің негізгі құрамына тоқталып, оның ішіне салынатын қажетті заттар көрсетілді. Оқушыларға алғашқы медициналық қобдиша, су, құрғақ азық-түлік, шам, батарея, құжаттардың көшірмесі, байланыс құралдары сияқты заттардың маңызы түсіндірілді.Түсіндіру барысында көрнекілік әдістері, сұрақ-жауап, талқылау элементтері қолданылды. Оқушылар белсенділік танытып, өз ойларын айтып, төтенше жағдай кезінде қалай әрекет ету керектігі жөнінде пікір алмасты. Оқушылардың белсенділігі артты. Іс-шараға қатысқан оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, қойылған сұрақтарға жауап берді. Кейбір оқушылар өз отбасында қауіпсіздікке байланысты қандай шаралар қолданылатыны туралы мысалдар келтірді. Бұл олардың қауіпсіздік мәдениетінің қалыптасып келе жатқанын көрсетті.