Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 11-сынып оқушыларының мектеп бітіруіне байланысты түсіндірме жұмысы
13
мамыр
2026

11-сынып оқушыларының мектеп бітіруіне байланысты түсіндірме жұмысы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында заңсыз ақша жинауға және бітіру іс-шараларын өткізуге жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» №106-НҚ бұйрығын түсіндіру және оның талаптарын орындау мақсатында 11-сынып оқушыларымен жиналыс өткізілді.
Жиналыс барысында білім беру ұйымдарында бітіру іс-шараларын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтау қажеттігі түсіндірілді. Атап айтқанда:
- аниматорларды, мерекелік агенттіктерді және жеке студияларды тартуға;
- мерекелік дастархандар ұйымдастыруға;
- автокөліктермен шерулер өткізуге;
- мектеп әкімшілігі мен педагогикалық ұжымға сыйлық алуға қаражат жинауға;
- ата-аналардан және оқушылардан заңсыз ақша жинауға ЖОЛ БЕРІЛМЕЙТІНІ туралы нақты ескертілді.
Сонымен қатар, мектеп бітіру іс-шараларының тәрбиелік мәні мен қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі айтылып, қоғамдық тәртіпті бұзуға, артық шығындарға және оқушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін әрекеттерге жол бермеу керектігі түсіндірілді.
Жиналыс соңында 11-сынып оқушыларына аталған бұйрық талаптарын қатаң сақтау жөнінде ескерту жасалып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: