Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ
28
ақпан
2023

«Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ

«Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ
28.02.2023ж. күні информатика пәні мұғалімдері Кашакова Асель, Айдарова Гүлнара, Нурдинова Гүлжамал 7 «Д» сынып оқушыларына «Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді.
Мақсаты: Оқушыларды төтенше жағдай кезіндегі туындайтын өмір қауіпсіздігін сақтауға арналған барлық іс-әрекеттер алгоритмдерімен таныстыру.
Сабақ барысында «Табиғат апаттары» тақырыбында видеоролик көрсетіліп, табиғат апаттарының қаншалықты қауіпті екенін білді. «Төтенше жағдай кезіндегі іс-қимыл алгоритмі» тақырыбында жасалған презентация арқылы оқушыларға төтенше жағдай кезінде адам денсаулығын және өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беретін іс-әрекеттер туралы айтылды.
Оқушылар компьютерде өздеріне берілген жеке тапсырмалар бойынша практикалық жұмыстарын, WORD және POWER POINT программаларында реферат, слайдтар құру арқылы жасады. Олар табиғат апаттары: өрт, жер сілкінісі, дауыл, су тасқыны, сел жүру кезіндегі іс-ірекеттер алгоритімін құрды. Сол өздері жасаған жұмыстарын қорғап шықты. WORDWALL платформасында алдын ала құрылған викторина сұрақтарына жауап бере отырып, бүгінгі алған білімдерін бекітті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: