27
ақпан
2023
"Қауіпсіз үй" конкурсы құрылымдық емес сейсмикалық күшейту, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз және қауіпті орындар» тақырыбында танымдық сабақ



27.02.2023 ж.информатика пәнінің мұғалімдері Дюсупова А. К. Байболова Д. К. Борантай М. Ә. 6-сыныптар арасында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау Қазақстан Республикасында "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен іс-шаралар өткізіп, «3D форматында "Sketchup" бағдарламасын пайдалана отырып, оқушылар арасында "Қауіпсіз үй" конкурсы құрылымдық емес сейсмикалық күшейту, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз және қауіпті орындар» тақырыбында танымдық сабақ өткізді.
Мақсаты: 3D форматында SketchUp бағдарламасын пайдалануды жаттықтыру, «Қауіпсіз үй» конкурсы арқылы бәсекелестік дағдыларын қалыптастыру, жер сілкінісі кезінде қауіпсіз және қауіпті орындарды түсіндіру. SketchUp бағдарламасының құрылғыларын анықтау, үйлердің құрылыстарын салыстыру, программалау, қауіпті және қауіпсіз орындарын талқылау.
Ұйымдастыру кезеңінде «5 қадам әдісі» арқылы әр қадам сайын қауіпсіздік ережесін айтып өтті. Оқушылардың барлығы өздігінше қауіпсіздік ережелерін қосымша айтып өтті. Flippity платформасы арқылы оқушыларды 3 топқа бөлді. Әр топ өз басшыларын сайлады. kahoot.com платформасында 3 топ өзара сайысқа түсті. Берілген сұраққа кім көп жауап берсе сол топ смайлик арқылы бағаланып отырды. Оқушыларға жер сілкінісі жайлы шағын видеоролик көрсетілді. Видеоны тамашалап болған соң оқушылар жер сілкінісі кезіндегі қауіпті және қауіпсіз орындар туралы ойларымен бөлісті. Алпауыт Жапония мемлекетінің жер сілкінісіне төтеп бере алатын, тұрғын үй немесе ғимараттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатын «Ұшатын үй» жобасымен таныстырды. Видороликті көру арқылы балаларға өз идеясымен Skatchup бағдарламасында «қауіпсіз үй немесе ғимарат» тақырыбында жоба құрастыру тапсырмасы берілді. 3 топ командалық жұмысты ойдағыдай атқарды, жобаны қорғап шықты.