Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Литосфералық катаклизм» тақырыбында ашық сабақ
13
қазан
2023

«Литосфералық катаклизм» тақырыбында ашық сабақ

13.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің  «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Нуркожаева Гульзира Сембековна 7 «Б» сыныбына «Литосфералық катаклизм» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: 
Литосфералық катаклизмдердің түрлерін білу. Олардың себеп-салдарын, таралуын түсіндіру. Литосфералық катаклизмдер барысында өзін өзі ұстау ережелерін түсіндіру.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын ашу үшін «Жер сілкінісі, күші, салдарлары» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін дабыл қағылып оқушылардың сейсмикалық оқу-жаттығу төтенше жағдай кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын еске түсіру арқылы жаңа сабақты ашу ұсынылады. 
Сабақ барысында мұғалімнің түсіндірмесі жүргізіліп, оқушылар оқулықтан топтық жұмысты орындады. Әр топқа тақырыптар берілді. Әр оқушыға бағалау парағына өз балдарын қойып отырды. «PISA» тапсырмасы әрбір топ өз топтарына берілген тапсырмалары арқылы мәтіннің құрылымымен таныса отырып, сүйектердің адам қозғалысындағы маңызын,тақырыпқа сай тұжырым жасай білуін, негізгі ойға байланысты өзіндік ой-пікірін түрлі формада білдіруі қарастырылды. Сабақтың қорытындысында «Дабыл чемоданы» білімді бекіту тапсырмасы орындалды.  Кері байланыста «112 смс» хат мұғалімге бүгінгі сабақта алған білімдері туралы жазу тапсырылды, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін стикерге жазып, кері байланыс берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: