28
ақпан
2023
"Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

1 «Д» сынып жетекшісі Абдрасилова Райхан 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында "Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Төтенше жағдайлар, зілзала апаттары жөнінде білімдерін кеңейтіп, олардан сақтану жолдарын, алғашқы көмек көрсету шараларымен таныстырды. Балалар ой-өрісін дамытып, қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйретті. Жер сілкінісі кезінде үйде, көшеде, дұрыс әрекет ету туралы ақпарат айтылды. Жағдаятқа берілген тапсырмаларды топта ақылдасып, шешу жолдарын көрсетті. Тәрбие сағатының соңын «Әрқашан күн сөнбесін» әнімен аяқтады.