Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азаматтық қорғаныс, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы» тақырыбында сурет байқауы
04
наурыз
2026

«Азаматтық қорғаныс, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы» тақырыбында сурет байқауы

Алматы қаласы Алатау ауданы № 182 мектеп-гимназиясында Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай ақпараттық-насихаттау мақсатында  Қазақстан Республикасында "Тұрақты және қауіпсіз болашақ үшін экологиялық тәуекелдерді басқару" ұранымен сурет байқауы ұйымдастырылды. 5-9  сынып арасында  «Азаматтық қорғаныс, өрт сөндіруші және құтқарушы мамандығы» тақырыбында, оның ішінде графикалық бағдарламаларды пайдалана отырып, үздік сурет конкурсы өткізілді.
Конкурстың мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі қызметінің маңызын түсіндіру, «Азаматтық қорғаныс» саласының рөлін насихаттау, сондай-ақ өрт сөндіруші мен құтқарушы мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру болды.
Байқауға бастауыш және орта буын оқушылары белсенді қатысты. Қатысушылар өз жұмыстарында азаматтық қорғаныс саласының қызметін, өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың ерлігі мен батылдығын, төтенше жағдайлар кезіндегі әрекеттерін бейнеледі. Кейбір оқушылар суреттерін заманауи графикалық бағдарламалар арқылы цифрлық форматта орындап, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Конкурс қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды. Барлық қатысушыларға алғыс білдіріліп, олардың белсенділігі мен шығармашылық ізденістеріне жоғары баға берілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: