Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттар:нәруыздар, көмірсулар, майлар» тақырыбындағы ашық сабақ
17
қазан
2023

«Азық-түлік өнімдеріндегі органикалық заттар:нәруыздар, көмірсулар, майлар» тақырыбындағы ашық сабақ

АШЫҚ САБАҚТАР📚
17.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі  Сенбиева Бибигуль Тугелбаевна 7 «Д» сыныбына «Азық-түлік өнімдеріндегі  органикалық заттар:нәруыздар, көмірсулар, майлар» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты:  азық-түлік өнімдерінде көмірсулар, нәруыздар және майлардың бар екендігін білу. Олардың не себепті органикалық заттар деп бөлінетінің түсіндіру. 
   Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім   ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді.   Оқушыларға  жаңа тақырыптың мазмұнын  «Азық түлік өнімдеріндегі органикалық заттар» тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі.    Көрсетілімнен кейін ой қозғау сұрақтары: Егер адам ағзасына органикалық заттар жетіспегенде қандай өзгерістер болуы мүмкін? Суретте не байқадық? Оқушылардың пікірлерін тыңдау арқылы,тақтыдағы суреттерге қарап,сабақтың тақырыбын анықтады.
 1тапсырма. «Адасқан сөздер» әдісі. Жеке жұмыс. Суреттерде органикалық заттардың  түрлері берілген. Сол суретке қарап, қағаздағы адасқан сөздерден нәруыздар, көмірсулар және майларды құрастырды.
2-тапсырма. «Жалған және Шындық» әдісі. Топтық жұмыс. Екі топқа 4 жұлдызшадан таратылады, жұлдызша артында «Азық – түлік өнімдеріндегі органикалық заттар: нәруыздар, майлар көмірсулар» туралы тапсырма  берілді, жауаптардың   шындық  және жалған екенін анықтады.
3-тапсырма. «Кинолента» әдісі. Екі топ басшыларына арналған жұмыс. Берілген кинолентадағы суреттерді  «Азық-түлік өнімдеріндегі  органикалық заттар: нәруыздар, көмірсулар, майларды топтарға ажыратып, өз топтарына түсіндірме жұмысын жүргізді.
4-тапсырма. «Додекаэдр» әдісі  Топтық жұмыс. Грек тілінен аударғанда он екі жақты әдіс деп аталады.Органикалық заттардың маңыздылығын анықтап, топта талдады.
Оқушылардың   сабақ соңындағы  әсерлерін білу үшін «Тиімді тамақтану- табысты оқудың кілті» ағашқа органикалық тағамдарды жазып кері байланыс жасады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: