16
қазан
2023
«Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру» тақырыбындағы ашық сабақ
16.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі Таныштыбаева Гаухар Авелкановна 7 «Ә» сыныбына «Жасуша, ұлпа, мүше, мүшелер жүйесі түсініктері. Өсімдіктер және жануарлар жасушаларын салыстыру» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: Өсімдік және жануар жасушаларының құрылысын , қызметін анықтау және сипаттау және тірі ағза жасушаларының ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстыру болды.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Оқушыларға жаңа сабақтың мазмұнын айқындау барысында тақырыпқа байланысты бейнематериал көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін «MOZAIK EDUCATION» және «MERGE EDU» платформаларын пайдалана отырып жаңа сабақы түсіндірді. 1-тапсырма «РРР» әдісін негізге ала отырып оқушылар жасушаның құрылысын, қызметін анықтап, сипаттап және салыстыру жүргізілді.
2-тапсырма. Топтық жұмыс. PISA тапсырмалары (Функционалдық сауаттылыққа байланысты) оқушыларға мәтін беріледі, жоспар ұсынып, І «Өсімдік » тобы Бағаналы жасушалар, ІІ «Жануар» тобы Жасушаның жаңаруы, ІІІ «Жасуша» тобы Дің жасушалары, бұл әдіс арқылы әр топ өздеріне берілген тақырыптың мағынасын ашты, берілген тапсырмаларды ашық жауап ретінде қорғап, бірін-бірі бағалап отырды, оқулықпен жұмыс жүргізілді. Сабақ барысында мұғалімнің түсіндірмесі жүргізіліп, оқушылар оқулықтан топтық жұмысты орындады. Әр топқа тақырыптар берілді. Әр оқушыға өзін бағалау парағы берілген бағалау парағына өз балдарын қойып отырды. «PISA» тапсырмасы әрбір топ өз топтарына берілген тапсырмалары арқылы мәтіннің құрылымымен таныса отырып, жасушаның адам өміріндегі маңызын, тақырыпқа сай тұжырым жасай білуін, негізгі ойға байланысты өзіндік ой-пікірін түрлі формада білдіруі қарастырылды. Сабақтың қорытындысында «Wordwal» әдісі жүргізіліп оқушылардың алған білімдерін айқындады. Сонымен қатар оқушылар «Тик-ток» әдісі арқылы мұғалімге бүгінгі сабақта алған білімдері туралы кері байланыс берілді.