Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы» тақырыбындағы ашық сабақ
16
қазан
2023

«Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы» тақырыбындағы ашық сабақ

АШЫҚ САБАҚТАР📚
16.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында биология пәні мұғалімі  Таттимбетова Еңлік Ерболқызы  8«А» сыныбына «Тістердің құрылысы мен қызметі, олардың гигиенасы» тақырыбында  ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: тістердің құрылысы , әр түрлі типтері  мен қызметтері  арасындағы байланысты және тісті күту ережелерін сипаттау.  
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Оқушыларды топқа бөлді. «To kill f fly» әдісі арқылы  оқушылар өткен тақырыпты еске түсірді. «Миға шабуыл» әдісі арқылы  оқушылардың назарын  сабаққа аударып,жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсаты  анықталды. Атауларға  үш тілде түсінік берілді.  Оқушыларға  жаңа тақырыптың мазмұны бойынша  бейнематериал көрсетілді. 
 1-тапсырма:
"Эмаль" тобы Тістердің құрылысы, қызметі. 
"Дентин" тобы Адам  тістерінің  типтері.
"Пульпа" тобы Тіс  гигиенасы,тіс ауруы. 
Оқушылар  тістердің  сыртқы және  ішкі бөліктері мен  қабаттарын анықтап, тіс  қаптамасы  мойыны  мен  түбірінің  қызметін   сипаттады. Тіс  типтері  мен олардың  рөлі  арасындағы  байланысты  анықтап, тісті  күту  ережелерін  сипаттады, тістің  зақымдану  себептерін  анықтады. Әр оқушыға бағалау парағы берілді,оқушылар өзін өзі бағалады.
2-тапсырма. Тәжірибе. Жеке жұмыс жүргізілді. Тәжірибеге алма қолданылды. Тістің типіне байланысты қызметін және тістің  санын  жазу тапсырмасы  берілді. Әр оқушыға өзін бағалау парағы берілген бағалау парағына өз балдарын қойып отырды. Оқушыларға сабақ тақырыбына байланысты қызықты  мәліметтер айтылды. Interesting facts:Unlike humans , sharks have 40 sets  of  teeth .Giraffe  has  only  lower teeth, and  the  largest mammal blue whale has  no teeth.  Кері байланыс. Оқушылар  сабақ  соңында  сабақты  қандай  деңгейде  түсінгенін    стикерге  жазып  жетістік  баспалдағына  жапсырды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: