16
қазан
2023
«Химиялық реакция типтері» тақырыбындағы ашық сабақ
16.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында химия пәні мұғалімі Абдухаликова Собира Исломдинкызы 8 «К» сыныбына «Химиялық реакция типтері» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: Бастапқы және түзілген заттардың саны мен құрамы бойынша химиялық реакцияларды жіктеу.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Оқушыларға жаңа тақырыптың мазмұнын «Химиялық реакция типтері » тақырыбындағы бейнематериал көрсетіледі. Көрсетілімнен кейін мұғалім жаңа сабақтың мәтінімен таныстырды.
1-тапсырма. Топтық жұмыс. «Бірге ойланымыз» әдісі. Оқушылар тапсырманы топпен талқылап, атом түріндегі реакцияның молекулалық формуласын жазды және реакция типін анықтады. «Атом» бағалау қағаздары арқылы өздерін бағалап отырды.
2-тапсырма. Топтық жұмыс «Суреттер сөйлейді» әдісі. А3 форматта реакция теңдеуі және суреттер берілді. Оқушылар жасырылған қосылысты анықтады, формуланы сурет арқылы байланыстырды және өнімдердің қай жерде қолданылатынын айтты.
Сабақты бекіту мақсатында «Сәйкестендіру» тесті үлестірілді. Оқушылар қосылу, айырылу, орынбасу және алмасу реакцияларын анықтады. Белгілеген жауаптарын бір-біріне ауыстыру арқылы тексерді. Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап кері байланыс жасады. Оқушылардың сабақтан алған әсерлерін «Жедел хат» әдісі арқылы «БББ» кестесінің «Білдім» және «Білгім келеді» бөлімін толтырды.