12
қазан
2023
«Материктердің және дүние бөліктерінің табиғат жағдайлары» тақырыбындағы ашық сабақ
12.10.2023ж. күні ғылыми-жаратылыстану әдістемелік бірлестігінің «Табиғат пен адамның тілдескені, өмірдің үндескені» тақырыбындағы онкүндігі аясында география пәні мұғалімі Жиренбаева Гулжан Аширбековна 6 «Д» сыныбына «Материктердің және дүние бөліктерінің табиғат жағдайлары» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың оқу мақсаты: Білім алушыларға материктер мен олардың физикалық- географиялық орны аймақтарының табиғат ерекшеліктерін сипаттауға және климат жағдайларын ажырата алуға үйрету.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім «Жылы алақан» әдісі арқылы бір-біріне жылы лебіздерін жеткізіп, ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару көзделді. Жаңа сабақты ынталандыру мақсатында «Миға шабуыл» әдісі арқылы оқушылар өткен тақырыпты пысықтап, мұғалімнің жердің пайда болуы, ішкі және сыртқы құрылысы жайлы қойылған сұрақтарына жауып беріп, оқушыларды «өте жақсы», «жарайсың» деген мақтау сөздермен бағалап кері байланыс жасап өтті. Видеоролик көрсете отырып материктерді анықтау арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаттарын өздері ашуына ықпал жасалды. Сонымен қатар жаңа тақырыптың мазмұнын ашу мақсатында «Стоп кадр» әдісі ұсынылып, видеоролик көрсетілді. «Баскетбол әдісі » бойынша үш топқа бөлінеді: «Материк» тобы, «Климат»тобы, «Табиғат» тобы.
«Шеңберлі ақпарат» әдісі арқылы әр топ өздеріне берілген тақырыптың мағынасын ашты, берілген тапсырмаларды постер арқылы қорғап, бірін-бірі бағалап отырды, оқулықпен жұмыс жүргізілді. Сабақ барысында мұғалімнің түсіндірмесі жүргізіліп, оқушылар оқулықтан топтық жұмысты орындады. Әр топқа тақырыптар берілді. Әр оқушыға өзін бағалау парағы берілген бағалау парағына өз балдарын қойып отырды.
Сабақтың қорытындысында «Сөйлемді толықтыру» әдісін қолданылып оқушылардың барлығын жаңа тақырып бойынша, түсінгендігін анықтау мақсатында ұсынылды. Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс жасады. Кері байланыста «Баскетбол доптары» таратылып берілді, сабақ барысында ҚҚҚ (қажет), (қызық), (құнды) мәліметтер, білімдер алғандығы туралы жазу тапсырылды, оқушылар сабақ барысында алған білімдерін осы параққа жазып, кері байланыс берілді.