06
қазан
2025
Қазақ автомобиль-жол институтының (КазАДИ) өкілдері оқушылармен кездесу өткізді
6.10.2025ж. күні мектеп-гимназиямызға Қазақ автомобиль-жол институтының (КазАДИ) өкілдері келіп, оқушылармен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – түлектерге жоғары оқу орны туралы толық мәлімет беру және болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету болды.
Университет өкілдері оқу бағдарламалары, мамандық түрлері, грант мүмкіндіктері мен студенттік өмір жайында жан-жақты ақпарат ұсынды. Оқушылар қызықты сұрақтарын қойып, кәсіби бағдар бойынша пайдалы кеңестер алды.
Мұндай кездесулер оқушылардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға, өз қабілеті мен қызығушылығына сай бағыт табуға үлкен мүмкіндік береді.