27
қараша
2025
Оқушыларға болашақ мамандық таңдау бойынша түсіндірме жұмыстары
27.11.2025ж.күні Халықаралық көліктік-гуманитарлық университеті мен Алматы техника-экономикалық қатынас жолдары колледжінің оқытушылары келіп, 9–11 сынып оқушыларына болашақ мамандық таңдау бойынша мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында мамандар өз оқу орындарының мүмкіндіктері, мамандық түрлері және еңбек нарығындағы сұраныс туралы жан-жақты ақпарат берді. Оқушылар университет пен колледждің артықшылықтарымен танысып, қызықтырған сұрақтарына толық жауап алды.
Бұл шара мектеп оқушылары үшін пайдалы бағыт-бағдар беріп, болашақ кәсіби жолын саналы түрде таңдауға үлкен үлесін қосуда.