Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » АТУ-дың «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді
03
қараша
2025

АТУ-дың «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді

3.11.2025ж. күні Алматы Технологиялық университетінің «Химия, химиялық технология және экология» кафедрасының оқытушылары — ассистент-профессор Кабулова Гүлжиян Кахармановна және сениор-лектор Шаихова Жанат Ережиновна мектебімізге келіп, жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға заманауи ғылым мен технология саласындағы мүмкіндіктерді таныстыру, мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру және химия мен экология ғылымдарының қоғам дамуындағы маңыздылығын түсіндіру болды.
Оқытушылар өз баяндамаларында химиялық технологияның өндіріс пен инновациядағы рөліне, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың өзектілігіне және ғылыми ізденістің болашақ кәсіби жетістіктерге жол ашатынына ерекше тоқталды.
Шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан жан-жақты жауаптар алды. Кездесу 11-сынып оқушылары үшін пайдалы әрі шабыттандыратын мазмұнда өтті, болашақ мамандықты саналы таңдауға түрткі болды.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: