09
желтоқсан
2025
Оқушыларға кәсіби бағдар беру жұмысы
9.12.2025ж. күні мектеп-гимназиямызға арнайы қонақ ретінде SDU University-дің рекрутинг бөлімінің маманы Аида Кемелбекова келді.
Ол 10–11 сынып оқушыларына университет жайлы жан-жақты, мазмұнды мағлұмат беріп, болашақ мамандық таңдаудың маңызын ерекше түсіндірді. Аида ханым оқу бағдарламалары, гранттық мүмкіндіктер, студенттік өмір мен университет ұсынатын артықшылықтар туралы қызықты ақпараттармен бөлісті.
Кездесу оқушыларға үлкен серпіліс беріп, олардың жоғары оқу орнына деген қызығушылығын арттырды. Осындай әсерлі әрі пайдалы кездесулер оқушылардың болашаққа нық қадам жасауына зор ықпал етеді.