20
сәуір
2023
Математика пәнінен “Бұрыштар” тақырыбында ашық сабақ
20.04.2023ж. күні «Бүгінгі жас мамандар ертеңгі ұлағатты ұстаз» тақырыбындағы жас мамандар онкүндігі аясында математика пәні мұғалімі Шеризат Мерей 5”Б” сыныбына “Бұрыштар” тақырыбында ашық сабақ өтті.
Сабақтың оқу мақсаты: бұрыштың градустық өлшемін табуға, бұрыштарды салыстыруға берілген есептерді шығару.
Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім оқушыларға сәттілік тілеп, ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып, оқушылар назарын сабаққа аудару көзделді. “Поезд әдісін” бойынша үй тапсырмасы сұралды. Өткен тақырып пен бекіту сабағын байланыстыру мақсатында “сұрақ жауап” әдісін пайдаланып және online-stopwatch кездейсоқ оқушы таңдап жауап беру арқылы өткен тақырыпқа шолу жасады. Бекіту сабағы бойынша бұрыштардың түрін анықтау және бұрышты белгілеуімен жазу мақсатында оқушыларға топтық жұмыс берілді. “Пазл” әдісі бойынша оқушылар бұрыштың градусын өлшеп сәйкес градусын табу үшін жұптық тапсырма орындады. Логикалық сұрақтар қою арқылы сергіту сәтін өткізді. Оқушылар деңгейлік тапсырма орындау мақсатында жеке жұмыс тапсырмалары берілді. Мұғалім оқушылардың отырған орны бойынша тақтада үйашыққа “+” қою арқылы оқушыларды бағалады , ең көп “+” алған оқшуы 9-10 баллмен, “+” саны орташа 7-8 баллмен, бір ғана “+” барлар 6-7 баллмен бағаланды. Кері байланыс “Пікір қалдыру” әдісі бойынша әр оқушы сабақтан өзінің білетінін, білгенін, сұрағын телефон тәріздес кері байланыс парағында пікір қалдырды, мұғалім оқып оқушыларға кері байланыс берді.