03
наурыз
2026
“Алматы автомеханика колледжі” ұйымдастырған ашық есік күні
03.03.2026ж. күні мектебіміздің 9Б сыныбы “Алматы автомеханика колледжі” ұйымдастырған ашық есік күніне барып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттері мен шеберханаларын аралап, заманауи құрал-жабдықтармен танысты. Мамандар автомеханик, автослесарь, техник-механик мамандықтары туралы жан-жақты ақпарат беріп, оқу ерекшеліктері мен тәжірибелік сабақтардың маңызын түсіндірді.
Колледж оқытушылары мен студенттері 9Б сыныбы оқушыларына өз тәжірибелерімен бөлісіп, мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар берді. Оқушылар көлік құрылысын көзімен көріп, кейбір бөлшектердің жұмыс істеу принциптерімен танысты. Ашық есік күні өте мазмұнды әрі қызықты өтті. Бұл кездесу оқушылардың болашақ мамандық туралы ойлануына, техникалық салаға деген қызығушылығының артуына ықпал етті.