04
наурыз
2026
Оқушыларымыз Алматы көлік және коммуникациялар колледжіне барып қайтты
4.03.2026ж.күні мектебіміздің 9 «З» сынып оқушылары Алматы көлік және коммуникациялар колледжі оқу орнына барып қайтты. Оқушылар колледждің мамандықтарымен, оқу кабинеттерімен және заманауи техникалық құрал-жабдықтарымен танысты. Мамандар талапкерлерге түсу ережелері мен оқу мүмкіндіктері туралы мәлімет берді. Сапар барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, болашақ мамандықтары жайлы ой түйді.