04
наурыз
2026
Оқушыларымыз Алматы мемлекеттік бизнес колледжі ұйымдастырған ашық есік күніне қатысты
4.03.2026ж.күні мектебіміздің 9 «З» сынып оқушылары Алматы мемлекеттік бизнес колледжі ұйымдастырған ашық есік күніне барып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің мамандықтарымен, оқу бағдарламаларымен және материалдық-техникалық базасымен танысты. Оларға оқытушылар колледжге түсу шарттары мен білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат берді. Кездесу оқушылар үшін өте пайдалы әрі қызықты өтті.