02
наурыз
2026
«Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі» КМҚК-де өткен ашық есік күні
02.03.2026ж.күні «Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі» КМҚК-де өткен ашық есік күніне мектебіміздің 9 «А» сыныбының оқушылары барып қайтты. Іс-шара барысында оқушылар колледждің оқу кабинеттерімен, материалдық-техникалық базасымен танысып, ұсынылатын мамандықтар туралы толық мәлімет алды. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттері білім беру үдерісі, қабылдау талаптары және болашақ мамандықтардың мүмкіндіктері жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Ашық есік күні оқушылар үшін пайдалы әрі танымдық болды.