21
ақпан
2023
«Менің қауіпсіздігім» тақырыбында сайыс сабақ

Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күніне орай Қазақстан Республикасында "Тәуекелдерді бағалаудағы ақпараттық технологиялардың рөлі" ұранымен іс-шара жоспары негізінде мектепішілк бұйрық шығарылып, ұжымда таныстырылды. Азаматтық қорғаныс тобы еліміздің балалар мен қазіргі заманғы жастары арасында азаматтық қорғаныс саласындағы білімді насихаттауға үлкен көңіл бөліп келеді. Осыған орай мектебімізде «Азаматтық қорғау туралы" ҚР Заңының және азаматтық қорғаныс саласындағы заңға тәуелді актілердің негізгі ережелерін, мақсаттары мен міндеттерін түсіндіру мақсатында «Менің қауіпсіздігім» тақырыбында 4 «К» сыныбында Агментаева Бахтигул Жалеловна сайыс сабақ өткізді.
Мақсаты: Өзін-өзі қорғаудың қажетті дағдыларын игеру, әртүрлі дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде өзін сақтау, айналасындағыларды қалай құтқаруды үйрену,өздігінен шешім шығару.