27
ақпан
2023
"Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары" тақырыбында ашық тәрбие сағаты

Мектебімізде 3 "И" сынып жетекшісі Сәлім Ранагул Айтнурқызы 1-наурыз Дүниежүзілік Азаматтық қорғаныс күні аясында "Төтенше жағдайлар және олардан сақтану жолдары" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Оқушылар Халықаралық азаматтық қорғаныс символын бейнелеген логотиппен киім киіп, азаматтық қорғаныс ретінде төтенше жағдайдың алдын алу, төтенше жағдай кезінде, төтенше жағдайдан кейін не істеу керектігін практика жүзінде көрсетіп, айтып өтті. Жағдаятқа берілген тапсырмаларды топта ақылдасып, шешу жолдарын көрсетті. Тәрбие сағатының соңын «Мәңгілік ел жастары» әнімен аяқтады.