20
қаңтар
2026
«Ақылдылар сайысы» интеллектуалдық сыныптан тыс сабақ
20.01.2026ж. күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым тілі-сандар мен заңдар» тақырыбындағы онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, физика пәнінің мұғалімдері Шаулиева Н.Т, Ергеш Ж.К және математика пәні мұғалімі Уталипова А.Т 11-сынып оқушыларымен «Ақылдылар сайысы» атты интеллектуалдық сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушылардың пәндер бойынша алған білімдерін тереңдету және логикалық ойлау, жылдам шешім қабылдау, өз ойын еркін жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырып, топпен жұмыс жасауға және шығармашылық белсенділігін дамытуға бағыттау.
Сайыс оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, бәсекелестік орта қалыптастыруға, шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік берді. Сайыста оқушылар әртүрлі бағыттағы тапсырмаларды орындады, викториналық сұрақтарға жауап берді, логикалық есептер шығарды, ой ұшқырлығын талап ететін тапсырмаларды орындады. Оқушылар білімдерін шыңдап, ойлау қабілетін дамытуға ықпал етті. Қатысушылар белсенділік танытып, сайыс өз мақсатына жетті.