19
қаңтар
2026
Математика пәнінен «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ
19.01.2026ж. күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым тілі-сандар мен заңдар» тақырыбындағы онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, математика пәні мұғалімі Сәйділда С. 6 «Г» сыныбына «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты – оқушыларға бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу жолдарын меңгерту. Сабақ барысында әртүрлі оқыту әдіс-тәсілдері қолданылды. Оқушылар топтық және жеке жұмыстар орындап, деңгейлік тапсырмалар арқылы білімдерін көрсетті. Сабақта көрнекіліктер мен кері байланыс тиімді пайдаланылды. Оқушылар сабаққа белсене қатысып, берілген тапсырмаларды дұрыс орындады. Сабақ өз мақсатына жетті.