19
қаңтар
2026
Информатика пәнінен "While (уайл) циклі" тақырыбында ашық сабақ
19.01.2026ж. күні жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым тілі-сандар мен заңдар» тақырыбындағы онкүндігінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, информатика пәні мұғалімі Кашакова Асель Карчаловна 8 «Г» сыныбына "While (уайл) циклі" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақтың мақсаты: оқушыларға while цикл операторын пайдалануды үйрету, циклдің жұмыс істеу принципін түсіндіру және бағдарламалау барысында шартты қайталау құрылымдарын тиімді қолдануға баулу. Сабақ барысында оқушылар алгоритм құру, циклдік командаларды жазу, есептерді кезең-кезеңімен орындау арқылы логикалық ойлау қабілеттерін дамытты. Теориялық білім практикалық тапсырмалармен ұштастырылып, оқушылар while циклі арқылы қарапайым және күрделі есептерді шешіп көрді. Сабақ интерактивті әдістермен, көрнекі мысалдармен және практикалық жұмыстармен ұйымдастырылып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырды.