12
қаңтар
2026
Жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым тілі - сандар мен заңдар» тақырыбында онкүндігінің ашылуы
12.01.2026ж. күні мектеп-гимназиямызда жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінің «Ғылым тілі - сандар мен заңдар» тақырыбында онкүндігінің ашылуы өтті.
Мақсаты:
-Оқушылардың ғылыми ойлау қабілетін дамыту, ғылымның әмбебап тілі болып табылатын сандар, формулалар мен заңдардың маңызын түсіндіру, олардың күнделікті өмірмен және түрлі ғылым салаларымен байланысын көрсету, өз ойын ғылыми тілде жеткізе білуге баулу, пәнге деген қызығушылығын арттыру және теориялық білімді тәжірибемен ұштастыру.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлауын дамыту және шығармашылық қабілеттерін шыңдау.
Алдағы күндері түрлі танымдық іс-шаралар, сайыстар мен тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылады.
Онкүндік барысында өткізілетін іс-шараларға сәттілік тілейміз!