27
қараша
2025
«Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында мектепішілік эссе жазу байқауы
27.11.2025ж. күні 8-сыныптар арасында «Менің арманымдағы мамандық» тақырыбында мектепішілік эссе жазу байқауы ұйымдастырылды. Бұл шара оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыт беруді мақсат етті. Байқау барысында әр оқушы өз жүрек қалауындағы мамандық жайлы терең толғанып, шығармашылықпен ойын жеткізді.
Осындай іс-шаралар жасөспірімдердің қызығушылығын анықтап, кәсіби бағдар беруге үлкен ықпал етеді. Сонымен қатар, оқушылардың жазу мәдениетін дамытып, өз ойын жүйелі түрде жеткізуге үйретеді. Болашаққа қадам басатын әрбір жас үшін мұндай байқаулар мақсатты айқындап, арманға жетуге жігер береді.