Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мен кім боламын?» тақырыбында эссе жазу байқауы
02
қазан
2025

«Мен кім боламын?» тақырыбында эссе жазу байқауы

2-3.10.2025ж. күндері мектеп-гимназиямызда 3-4 сынып оқушылары арасында «Мен кім боламын?» тақырыбында эссе жазу байқауы өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың арманын, болашақ мамандығын анықтау, өз ойларын жазбаша түрде жеткізуге баулу және шығармашылық қабілеттерін дамыту болды.
 Байқау барысында оқушылар түрлі мамандық иесі болуды армандай отырып, өз қиялдары мен тілектерін көркем тілмен жеткізуге тырысты. Эсселерінде олардың болашаққа деген сенімі мен үміті айқын көрініс тапты. Ерекше қуантатыны – оқушылардың көп бөлігі медицина саласын және құқық қорғау органдарында қызмет етуді таңдаған. Бұл – олардың елге қызмет етуге, адам өмірі мен қоғам қауіпсіздігіне үлес қосуға деген талпынысын көрсетеді. Мұндай шаралар оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, тұлғалық дамуына, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға зор ықпал етеді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: