28
қараша
2025
АТУ-да ұйымдастырылған Ашық есік күніне оқушыларымыз қатысты
28.11.2025ж. күні Алматы технологиялық университетінде (АТУ) мектеп оқушыларына арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға қатысқан оқушыларға университеттің оқу бағыттары, гранттық мүмкіндіктері және қабылдау талаптары жайлы кеңінен ақпарат берілді. Факультет оқытушылары мен мамандары әр мамандықтың ерекшеліктерін таныстырып, өздеріне лайық жолды таңдауға көмектесті. Ашық есік күні мектеп оқушыларына АТУ-дың академиялық мүмкіндіктерін тереңірек танып, болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға шабыт берді. Іс-шара жас талапкерлер үшін есте қаларлық пайдалы кездесу болды.