26
қаңтар
2026
«А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселелер мен шығармашылық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ
26.01.2026ж. күні "Педагог-зерттеуші тек жаңа идеяны ойлап табушы ғана емес, оны ғылыми негіздеп, тәжірибеде дәлелдеп, кәсіби ортаға жүйелі түрде таратушы тұлға" тақыбындағы озат, тәжірибелі ұстаздар арасында кәсіби дамуды қамтамасыз ету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған ашық сабақтар жоспарына сәйкес, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Абдилдаева А. 10 «Б» сыныбына «А.Кемелбаеваның «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген мәселелер мен шығармашылық жұмыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Оқушылар «Шашты» әңгімесіндегі көтерілген басты мәселелерге талдау жасау арқылы жаңашылдығына баға бере отырып жазылым тапсырмасын орындады. Автор “Шашты” әңгімесі арқылы қоғамға қандай ой тастайды? Қазіргі қоғаммен байланыстырып оқушылар өз ойын ортада еркін жеткізе отырып, «Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын» тақырыбында эссе жазды. Осы тапсырмалар арқылы оқушылар өз Отанын сүю, қорғау, еңбек ету керек деген ойларын жеткізді.