Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Биология пәнінен «Адам қаңқасының құрылысы» тақырыбында ашық сабақ
21
қаңтар
2026

Биология пәнінен «Адам қаңқасының құрылысы» тақырыбында ашық сабақ

21.01.2026ж. күні "Педагог-зерттеуші тек жаңа идеяны ойлап табушы ғана емес, оны ғылыми негіздеп, тәжірибеде дәлелдеп, кәсіби ортаға жүйелі түрде таратушы тұлға" тақыбындағы озат, тәжірибелі ұстаздар арасында кәсіби дамуды қамтамасыз ету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған ашық сабақтар жоспарына сәйкес, биология пәні мұғалімі Г.А.Таныштыбаева 8 «Б» сыныбына «Адам қаңқасының құрылысы» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға бағытталған PISA, зерттеушілік және талдау дағдыларын дамытуға арналған FILA, сондай-ақ пәнаралық байланысты күшейткен STEM тапсырмалары жүйелі түрде біріктіріліп ұсынылды.
Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, өз ойларын дәлелдеп, топта белсенді жұмыс жасады. Сабақ мазмұны оқушыларға оң әсер қалдырып, танымдық белсенділігі мен пәнге деген қызығушылығы артқаны байқалды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: