19
қаңтар
2026
«Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы астарлы ой және тарихи шындық» тақырыбында ашық сабақ
19.01.2026ж. күні "Педагог-зерттеуші тек жаңа идеяны ойлап табушы ғана емес, оны ғылыми негіздеп, тәжірибеде дәлелдеп, кәсіби ортаға жүйелі түрде таратушы тұлға" тақыбындағы озат, тәжірибелі ұстаздар арасында кәсіби дамуды қамтамасыз ету, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету, бағыт-бағдар беру мақсатында ұйымдастырылған ашық сабақтар жоспарына сәйкес,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алгазиева Л.Ө. 9 «З» сыныбына «Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы астарлы ой және тарихи шындық» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасы – ұлттық рухты, өнер мен еркіндікті, әділетсіздікке қарсылықты терең бейнелеген көркем туынды. Бұл поэма жалпы адамзаттық құндылықтарды дәріптеуімен, трагедиялық сипаты арқылы оқушы жүрегіне әсер етуімен құнды.Поэманы оқыту тек әдеби білім берумен шектелмей, тәрбиелік мәнге де ие. Оқушылар өнерді қадірлеуге, жүйрікке жанашырлықпен қарауға, әділдік пен адамгершілік қасиеттерді бағалауға үйренеді.