18
қазан
2024
«Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин» туылғанына 130 жыл толуы аясында 9-10 сынып оқушылары аясында эссе байқауы
Қазақ тілі мен әдебиеті пән бірлестігінің «Қадірлі, бағасы алтын анам тілі...» атты онкүндігінде атаулы күндер аясында іс-шаралар өткізілді.
Биыл қазақ поэзиясының құлагері атанған Ілияс Жансүгіров, сырлы ақын Сәкен Сейфуллин, қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің туғанына 130 жыл.
Қазақ әдебиетіндегі үш бәйтерек- Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин өмірлері қысқа, тағдырлары ауыр болғанымен шығармашылық ғұмыр баяндары ғибратты да мәнді болып табылады. Халқымыздың ұлттық әдебиетінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан үй бәйтерек Сәкен, Ілияс, Бейімбет өздерінің жазған туындыларымен адамдардың жаңа заманға сай сауатты болуына, ой-өрісінің өсуіне зор ықпал етті. Ал сол тағдырларды жас ұрпақтың санасында өшірмей тәрбиелеу біздің міндетіміз. Осы орайда «Үш бәйтерек: Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин» туылғанына 130 жыл толуы аясында 9-10 сынып оқушылары аясында эссе байқауы өткізілді. Ұйымдастырушылар қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Абдилдаева А., Адешова Н.