"Педагогикалық идеялар фестивалінің" мектепішілік кезеңі » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Педагогикалық идеялар фестивалінің" мектепішілік кезеңі
16
қазан
2021

"Педагогикалық идеялар фестивалінің" мектепішілік кезеңі








Жаңғырту және инновациялық даму-Қазақстанның қазіргі заманғы қоғамда бәсекеге қабілетті болуына, біздің барлық азаматтарымыздың лайықты өмір сүруін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жалғыз жол.
Қазіргі уақытта мұғалімнің білікті, шығармашылық ойлайтын, бәсекеге қабілетті тұлғасына деген сұраныс күрт өсті. Кәсіби құзыреттілікті дамыту-бұл педагогтің үздіксіз өздігінен білім алуын, өзін-өзі дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруін болжайтын, жеке кәсіби қасиеттердің дамуына, кәсіби тәжірибе жинақтауға алып келетін кәсіби тәжірибені игеру мен жаңғыртудың серпінді процесі.
Кәсіби конкурстар-бұл үздік педагогтар үшін маңызды шығармашылық сынақтар ғана емес, сонымен қатар олар мектепте отандық білім беру жүйесін тиімді дамытуға, оқытудың жаңаша әдістемелері мен тәсілдерін практикаға кеңінен енгізуге, кәсіби құзыреттерді дамытуға ықпал етеді.
Кәсіби конкурстар білім беру саласындағы басқару теориясы мен практикасының жаңа бағыттарын анықтауға және зерделеуге, білім беру жүйесін дамытуға ықпал ететін және оқыту мен тәрбиелеу процесіне тиімді әсер ететін инновациялық әзірлемелер мен технологияларды қолдауға бағытталған.
Егер Сізде білім беру саласында нәтиже бере алатын қандай да бір қызықты педагогикалық идеяларыңыз болса, егер Сіз пікірлестеріңізбен кездесуге, өз ойларыңызбен бөлісуге және басқалардың ойларын тыңдап, үлкен жобаға қатысуға дайын болсаңыз, онда ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИДЕЯЛАР ФЕСТИВАЛІ Сіз үшін!
Осы орайда мектебімізде "Педагогикалық идеялар фестивалі" республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі өтті. Фестивальдің мақсаты - педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру., Қазақстан мектептерінің басшылары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Мектепішілік байқау нәтижесінде, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Агадилова Улжалгас Беркалиевнаның "Кітап оқиық" жобасы байқаудың аудандық кезеңіне ұсынылды. Улжалгас Беркаливнаны құттықтай отырып, алдағы кезеңдерге сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: