ХАБАРЛАНДЫРУ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАБАРЛАНДЫРУ
03
ақпан
2020

ХАБАРЛАНДЫРУ


Алматы қаласы Алатау ауданы 
№182 жалпы білім беретін мектеп
 мұғалімдері арасында өткізілетін 
 «Алматының жыл мұғалімі» мектепішілік байқауының
Е Р Е Ж Е С І
Байқаудың мақсаты мен міндеттері
Байқаудың мақсаты: оқытудың жоғары тәрбиелік әлеуеті негізінде оқушы бойында рухани құндылықтарды қалыптастырып, оның функционалдық сауаттылығын, сындарлы ойын, бәсекеге қабілетін дамытуда қол жеткізген шығармашыл мұғалімдерді анықтау және марапаттау арқылы педагог мәртебесін көтеру.
Байқаудың негізгі міндеттері:
  1. мұғалімдердің  шығармашылық мүмкіндіктерін ашуға және педагогтік шеберлігін танытуына жағдай туғызу;
  2. жас ұрпақтың бойында ұлттық кодтың, ұлттық бірегейліктің сақталуын қамтамасыз ететін тәрбиелік әлеуеті жоғары педагогикалық тәжірибені зерттеу;
  3. оқушының санасы айқын, бәсекеге қабілетті тұлғасын   қалыптастыратын жаңашыл тәжірибені анықтау; 
  4. оқушы бойында сындарлы ойды, функционалдық сауаттылықты қалыптастыратын озық тәжірибені насихаттау;
  5. бәсекеге қабілетті, тәжірибелі мұғалім мәртебесін көтеру. 
Ұйымдастыру комитеті
8Байқауды ұйымдастыру және өткізу үшін байқаудың ұйымдастыру комитеті құрылады (бұдан әрі – Ұйымдастыру комитеті).
Ұйымдастыру комитеті:
  1. байқаудың барлық кезеңдерінің Ережеге сай ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді;
  2. байқау кезеңдерін өткізу мерзімін белгілейді;
  3. байқауға қатысушылардың сұраныстары мен байқау  материалдарын қабылдайды;
  4. байқаудың қазылар алқасының құрамын жасақтайды және бекітеді;
  5. байқаудың әрбір кезеңіндегі қатысушылардың бағалау көрсеткіштерін анықтайды, бекітеді;
  6. байқаудың барлық кезеңдерінің нәтижелерін талдайды және қорытындылайды;
  7. байқаудың қазылар алқасының қорытынды ұсынысына сәйкес
жеңімпаздарын анықтайды; 
  1. байқаудың қорытындысын БАҚ-та жариялайды.
Қазылар алқасы
  1. Байқауды ұйымдастыру комитетінің төрағасы байқауға қатысушылардың жұмысын бағалау үшін қазылар алқасын құрады (бұдан әрі – Қазылар алқасы).
Қазылар алқасының құрамына педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдары, республикалық «Үздік педагог» байқауларының жеңімпаздары, ардагер ұстаздар, жаңашыл педагогтер мен әдіскерлер кіреді.    
  1.  Қазылар алқасы:
  2. байқауды ұйымдастыру комитетімен бірлесіп қатысушыларды бағалаудың көрсеткіштерімен танысады, зерттейді, пікірлерін ортаға салады, ұсыныстарын білдіреді;
  3. байқауға қатысушылардың жұмысын бағалайды, қорытындысын шығарады;
  4. байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері бойынша ұсыныстарын айтады.
Байқауға қатысушылар
11. Байқауға Алматы қаласының мемлекеттік нысандағы орта білім беру ұйымдарында 5 жылдан аса еңбек ететін барлық пән мұғалімдері қатыса алады. 
12. Байқауға қатысушы мұғалім өзін ұсынған мектепте 3 жылдан артық еңбек етуі шарт.
13. Байқауға қатысушы мұғалім пән мұғалімі болуымен қатар,  5 жылдан аса сынып жетекшісі болуы тиіс. 
14. Байқауға қатысқандар 5 жылдан кейін осы байқауға қайта қатысуға немесе «Үздік педагог» байқауына қатысуға мүмкіндігі бар. 
Байқаудың  қалалық сатысы 4 кезеңнен тұрады:
  1. I кезең (іріктеу кезеңі)  
1. пән бойынша мұғалімдердің кәсіби олимпиадасы өткізіледі. Оқытатын  пәніне байланысты теориялық дайындығы. 
12.02.2020 жыл. Сағат 10.00 де. Информатика кабинеті №
2. педагогтің портфолиосы зерттеледі. Портфолиосы бойынша кәсіби жетістіктері бағаланады. 
12.02.2020 жыл. Сағат 9.00 де. Бастауыш мұғалімдер бөлмесі.
  1. II кезең – «Менің жаңашыл педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым уақыты – 10 минутқа дейін.
13.02.2020 жыл сағат 10.00 де АКТ залда таныстырылым
Мұнда мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің көкейтестілігі, нақтылығы, жаңашылдығы және баяндау шеберлігі бағаланады. Кәсіби шығармашылық- ізденіс бағытын, нақты, жаңашыл, педагогикалық шеберлікпен көрсете білген мұғалімдер келесі кезеңге жіберіледі.    
  1. III кезең – «Сабағым – кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің   таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Байқауға қатысушы сабақты басқа сыныптың оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін мұғалімнің өз сабағын талдауы тыңдалады. 
1. 13.02.2020 жыл сағат 13.30 дан бастап 4 сабақ өткізіледі ( уақыты, реті қосымша көрсетіледі)
2. 14.02.2020 жыл сағат 09.30 дан бастап 4 сабақ өткізіледі ( уақыты, реті қосымша көрсетіледі)
Бұл кезеңде мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық және әдістемелік негіздемелері мен технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды (білім берудегі 4К моделі)  іске асыру деңгейі бағаланады. 
  1. IV кезең –  «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында  мұғалім өз сыныбының оқушыларымен тәрбие сағатын өткізеді. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан мұғалімнің өзі өткізген тәрбие сағаты туралы талдауы тыңдалады. 
17.02.2020 жыл сағат 09.30 дан бастап 4 сабақ өткізіледі ( уақыты, реті қосымша көрсетіледі)
Бұл кезеңде мұғалім Қазақстан халқының ұлттық рухани құндылықтарымен таныстыра отырып, жас ұрпақтың бойында ұлттық кодтың, бірегейліктің сақталуын, кіндік қаны тамған жеріне, өскен ауылына, қала мен өңіріне,  туған жеріне деген сүйіспеншіліктен басталатын қазақстандық патриотизмнің қалыптасуын қамтамасыз ететін тәрбиелік мәні жоғары педагогикалық тәжірибесі бағаланады.
  1. V кезең –  «Менің Қазақстанның дамуына қосқан үлесім» тақырыбындағы мұғалімнің телевизиялық таныстырылымыҰзақтығы –                 7 минутқа дейін Бейнеролик көмегімен өткізіледі. 
Өткізілу орны: АКТ залы. 18.02.2020 жыл сағат 09.30 дан бастап. Байқауға қатысушы мұғалімнің телевизиялық таныстырылымында оның:
        педагогикалық кредосы;
        белсенді азаматтық ұстанымы;
        өзгелерді өзіне тартуы;
        сенімділігі;
        сындарлы ойы бағаланады. 
18.02.2020 жыл сағат 15.00 де  қорытынды

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: