"Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Алматының жыл мұғалімі", "Үздік педагог" мектепішілік байқауының хабарландыруы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Алматының жыл мұғалімі", "Үздік педагог" мектепішілік байқауының хабарландыруы
15
наурыз
2021

"Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Алматының жыл мұғалімі", "Үздік педагог" мектепішілік байқауының хабарландыруы


Алматы қаласы орта білім беру ұйымдарының мұғалімдеріне жыл сайын өтетін "Алматы қаласы Әкімінің арнайы гранты", "Алматының жыл мұғалімі", "Үздік педагог" конкурстары биыл да өткізіледі.
Алматы қаласы Әкімінің арнайы грантын беру туралы байқауына орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері 7 грант номинациясы бойынша қатысады:
1.«Шығармашылық және шеберлік» арнайы гранты
2.«Өзін өзі тану және шығармашылық ізденіс» арнайы гранты
3.«Идеялар генераторы» арнайы гранты
4.«Тамаша мұғалім ата-аналар көзімен» арнайы гранты
5.«Педагогикалық әулетті жалғастырушы» арнайы гранты
6.«Саламатты өмір салтын қалыптастыру» арнайы гранты
7.«Инклюзивті балалармен жұмыс істеуге қол жеткізу» арнайы гранты.
"Алматының жыл мұғалімі", "Үздік педагог" конкурстарына
мынадай талаптарға сай келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатысады:
1) Конкурсқа қатысушы ұсынған Алматы қаласы орта білім беру ұйымының штатында кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар педагог қызметкер болып табылатын;
2) Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз педагогикалық өтілі бар.
 Конкурс жыл сайын үш кезеңде өткізіледі:
1) I кезең – мектепішілік, онда Конкурстың екінші кезеңіне қатысуға ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады;
Мектепішілік конкурстық комиссия педагогикалық, психологиялық және әдістемелік саланың ғалымдарынан, республикалық «Үздік педагог» конкурстарының жеңімпаздарынан, ардагер-ұстаздардан, жаңашыл-педагогтар мен әдіскерлерден құрылады.
2) II кезең – аудандық, онда Конкурстың үшінші кезеңіне қатысуға ұсынылатын жеңімпаздар айқындалады;
Конкурстың ІІІ кезеңіне әр ауданнан ІІ кезең қорытындысы бойынша ең жоғары балл жинаған бес қатысушы өтеді.
Конкурстың І және ІІ кезеңдері 4 турдан тұрады:
1 тур (іріктеу) – пән бойынша олимпиада, мұғалімнің портфолиосын зерделеу. 
Бағалау критерийі: оқытатын пәніне байланысты теориялық дайындығы мен м
2 тур – (іріктеу) «Менің инновациялық педагогтік тәжірибем» айдарымен мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы. Таныстырылым ұзақтығы – 10 минуттан артық емес.
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық, әдістемелік және технологиялық негіздерінің өзектілігі, нақтылығы, инновациялығы және оның баяндау шеберлігі, жаңашылдығы, сындарлы ойлауы, жобаның тәжиірбелік бағыты.
3 тур – «Сабағым – мұғалімнің кәсіби тұжырымымның айнасы» айдарымен мұғалімнің өзінің  таныстырылымында баяндаған тұжырымдама негізінде өткізілетін сабағы. Сабақтың ұзақтығы – 40 минут. Конкурсқа қатысушы сабақты басқа мектептің оқушыларымен өткізеді. Сабақтан кейін конкурсқа қатысушы өз сабағына талдау жүргізеді. 
Бағалау критерийі: мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздемелері, әдістемелік және технологиялық құрылымы сабақта қаншалықты жүзеге асқандығы, оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастыратын сындарлы ойлауын, қарым-қатынас жасау қабілеті және командада жұмыс істеу дағдысын дамытуды іске асыру деңгейі. 
4 тур – «Мен елімнің патриотымын» тақырыбында басқа мектептің оқушыларымен тәрбие сағатын өткізу. Тәрбие сағатының ұзақтығы – 30-40 минут. Соңынан конкурсқа қатысушы тәрбие сағатына талдау жүргізеді. 
Бағалау критерийі: кішкентай Отанына деген сүйіспеншіліктен, Қазақстанда тұратын халықтардың рухани-адамгершілік құндылықтары призмасы арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудан басталатын қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мұғалімнің шығармашылық әлеуеті мен тәжірибесі.
3) III кезең – қалалық, жыл сайын сәуір-мамыр айларында өткізіледі, онда Конкурстың жеңімпаздары айқындалады.
Байқауға қатысуға өтініш берген әріптестерімізге сәттілік тілейміз!









5Вы, Бану Нурабилова, Агадилова Улжалгас и ещё 2

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: