КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
06
ақпан
2021

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ





КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ
Мектеп өміріндегі оқушылардың мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт беру маңызды  істердің бірі. Саналы түрде таңдалған мамандық жеке тұлғаның болашақ өміріне әсер етеді. Болашақтағы кәсіби мақсатына дұрыс бағыт алған оқушы бойындағы қарым қабілетін шығармашылықпен дамыта білсе сапалы маман ретінде қалыптасатыны белгілі. 
Мектеп бітіретін 9-11 сынып оқушыларын «қандай мамандықты таңдаймын» немесе «таңдаған мамандығыма қалай қол жеткіземін» деген ойлар мазалайтыны анық. Бұл әрине үлкен өмірге қадам басардағы ең жауапты сәттердің бірі. Себебі осы бағыт бағдар адам ғұмырының алдағы болашағына өз әсерін тигізеді. Дұрыс жол тапсаң дүниеге пайдасы бар кірпіш ретінде қаланудың мүмкіндіктеріне қол жеткізесің.
Демек, оқушыларға дұрыс жөн сілтеу ұстаздардың пайымды пікірлерін тыңдау мен түрлі саладағы мәртебелі мамандық иелерімен кездесудің маңызы өте зор. Осы мақсатта оқушыларға болашақ мамандық таңдауға көмектесу және пайдалы кәсіп туралы көзқарастарын дамыту үшін колледж оқытушылары  жыл сайын білім шаңырақтарына барып, түрлі тақырыптарда еркін әңгіме жүргізеді. Мектеп оқушыларына колледждің материалды – техникалық базасы мен тарихы, мамандықтардың таныстырымы ұсынылады. Және белсенді студент жастардың концерттік бағдарламасы ұйымдастырады. Осы орайда мектебімізде оқушылар мен ата-аналарына арналған «Ашық есік» күні өткізілді. Оған Алматы полиграфия колледжі, "Әділет" колледжі, Алматы мемлекеттік көлік және коммуникациялар колледжі, Алматы сервистік қызмет көрсету колледжі т.б. қатысты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: