"Ел тірегі- білімді жастар" » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Ел тірегі- білімді жастар"
29
қыркүйек
2021

"Ел тірегі- білімді жастар"




182 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі пән бірлестігі "Ана тілі-асыл қазынам" атты онкүндігі барысында ашық сабақ,сыныптан тыс шаралар, кездесулер ұйымдастырылды. Сондай айтулы шараның бірі-11 сынып оқушылары мен педагог-шебер Адешова Нуриланың өткен "Ел тірегі- білімді жастар" тақырыбындағы ашық сабақта жастар өз білімдерінің жоғары көзқараста, жан-жақты екенін жастар мәселесін шешу жолдарын атап көрсете алды. Сабақта топтық жұмыстар "Инсерт" , " Балық қаңқасы", " 2 С" тәсілдерін тиімді қолдана отырып, оқушылар мәтінмен жұмыс жүргізе алды. Бейнероликте көрсетілген ақпаратты 1- топ публицистикалық стиль түріне, тілдік ерекшеліктеріне қарай талдау жасап білімдерін шыңдай түсті, 2- топ еліміздің "Жастар жылы" бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың тиімділігін, жастар мәселесінің шешілу жолдарын салыстырмалы түрде талдау жасап қорғап шықты. Жаңа технология тәсілдерін қолдана білетін, дағдыланған оқушылар сабақ барысында белсене қатынасты. Сабақ жоғары деңгейде, өз мақсатына сай өткізілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: