24
қыркүйек
2021
"Тәуелсіздіктің тұғыры болар тұлғалар"
Қазақ тілі бірлестігінің онкүндігі барысында пән мұғалімдері ашық сабақ, сыныптан тыс іс-шаралар, сайыстар өтуде. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мәкіш Жанат 9-сынып оқушыларына "Тәуелсіздіктің тұғыры болар тұлғалар" тақырыбында ашық сабағын өтті. Сабақтың мақсаты: Білім алушылар қазақ тілі стильдері мен шешендік сөздің түрлерін қолданылған тілдік құралдар арқылы таниды. " Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясы бойынша "Жалпыға бірдей еңбек қоғамы" құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады.Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбек етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. Оқушылар сабақ барысында белсене қатысып , білімдерін жоғары дәрежеде көрсете алды. Қазақтың тарихи тұлғалары жайында мол ақпаратпен бөлісті. Жан-жақты ізденімпаз, шығармашыл мұғалім екенін көрсетті.