27
қыркүйек
2024
"Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ
27.09.2024ж. күні "Зерттеулер мен жаңалықтар әлемі" тақырыбындағы жаратылыстану-математика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында Букарбекова Асем 8"В" сыныбына "Арифметикалық квадрат түбірдің қасиеттері" тақырыбында ашық сабақ өтті. Мақсаты: квадрат түбірдің мәнін бағалау. Сабақ барысының ұйымдастыру кезеңінде мұғалім ынтымақтастық атмосферасын ұйымдастыра отырып , "Жақсы тілек" әдісі арқылы білім алушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді. Мұғалім АКТ арқылы білім алушыларға "Флэш карта" әдісімен тапсырма орындатты. Сонымен қатар "Wordwool" әдісі арқылы "Сәйкестендіру" , топтық тапсырма "Тарихи тұлғаны анықта" және өзара бірлесіп жасалған жұптық жұмыс орындалды. "Ұяшықты таңда" әдісі арқылы сабақ бекітілді. "Padlet" тақтасы арқылы білім алушылар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті.