Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мырза Махамбет “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, “Қола медальға” ие болды. » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мырза Махамбет “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, “Қола медальға” ие болды.
15
желтоқсан
2020

Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мырза Махамбет “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, “Қола медальға” ие болды.


"Елбасы Медалі" жобасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың "El Umiti" бастамасы аясында әзірленді. Тәуелсіз мемлекетіміздің даму жолындағы барлық жетістіктер Тұңғыш Президентіміздің ерен еңбегімен байланысты. Сондықтан жеңімпаздарға берілетін медальдар мен жоба "Елбасы Медалі" деп аталады.
"Елбасы Медалі" жобасының мақсаты: әрбір қатысушы үшін оның жасына, тұрғылықты жеріне қарамастан білім беру, шығармашылық, мәдени және өзге де қабілеттері мен дарынын кеңейту үшін жағдай жасау. 
"Елбасы медалі" - жастарды кешенді дамытуға бағытталған ұлттық деңгейдегі жалғыз бағдарлама. Бағдарлама 7 негізгі бағыттан тұрады: спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы. Бағдарлама 14 пен 29 жас аралығындағы жастарға арналған.
Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренеді. 
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Мырза Махамбет  “Елбасы Медалі” жобасына қатысып, “Қола медальға” ие болды. Жобаға қатысушылар соңғы алты ай көлемінде спорт, дарын мен дағды, кітап оқу, ұлттық мұра, волонтерлік, экспедициялар мен жорықтар, еңбек практикасы сынды бағыттар бойынша ұйымдастырушылар тарапынан берілген тапсырмаларды мүлтіксіз орындады. Бағдарламаға қатысу арқылы, жастар өз уақытын басқаруға, мақсат қоюға және оларға жүйелі түрде қол жеткізуге, салауатты өмір салтын ұстануға және үнемі өзін-өзі дамытуға үйренді. Талапты да, талантты шәкірттеріміз көп болсын!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: