Мектебімізде оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өтті » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектебімізде оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өтті
07
желтоқсан
2020

Мектебімізде оқушыларды «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өтті



 7.12.2020ж. күні мектебіміз оқушыларын республикалық «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер қатарына қабылдау рәсімі өтті. Қабылдау рәсіміне 5-сынып оқушыларының үздіктері қабылданды. Оқушыларымыз «Жас Ұлан» ұйымының антын айтып, адал болуға, мемлекетіміздің рәміздерін құрметтеуге, сабақтарын жақсы оқуға ант етті. Мақсаты өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру. Қазақ халқының тілін, мәдениетін, тарихын білу негізінде өскелең жас ұрпақтың бойында рухани-адамгершілікті қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдердің азаматтық белсенділігі мен саналығын арттыру, танымдық жұмыстарды ынталандыру, балалар мен жасөспірімдердің зияткерлік, шығармашылық және әлеуметтік дамуы үшін жағдай жасау, жауапкершілік пен еңбексүйгіштікке қалыптастыру, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілетін дамытуға бағытталған баланың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: