1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар
01
желтоқсан
2020

1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай өткізілген іс-шаралар


Мектебімізде 1-желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш  Президенті күніне төмендегідей іс-шаралар өткізілді. Мақсаты:  оқушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы мәлімет беру, сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген,  халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатқан Елбасының кісілік қабілетін меңгерту.
27.11.2020ж. күні қашықтықтан 1-11 сыныптарда « Ел ертеңін ойлаған - Елбасы»  тақырыбындағы сынып  сағаттары  болып   өтті. 1-4 cыныптарда оқушыларға  слайд арқылы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы мәлімет бере келе, «Кім көп біледі?»  сұрақ-жауап ойыны  арқылы оқушы ойын ортаға салды. 5-11 сынып сағаттарында  оқушылар  өз шығармашылық арнаулары мен ақындардың өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
28.11.2020ж. күні   тарих пәнінің мұғалімі  Кирибаева Жұлдыз 9-сынып оқушыларымен  «Ұлтына қамқор - Елбасы»  тақырыбында танымдық сабақ өтті.  Мақсаты: оқушыларға елбасымыздың ел үшін істеген ерен еңбектерін айта отырып, өнеге ету.  
30.11.2020ж. күніқазақ тілі мен әдебиеті әдістеме бірлестігінің  жетекшісі Адешова Нұрила  8-10   сыныптар арасында «Тәуелсіздік және Елбасы»  тақырыбыда   эссе байқауын  ұйымдастырды. Оқушылар  Елбасына деген ыстық ықыластарын эссе жазу арқылы жеткізді. 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: