«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі
07
ақпан
2023

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі

«Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі


06.02.2023ж. күні Алатау аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының 2023 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес «Педагогикалық идеялар фестивалі» республикалық конкурсының аудандық кезеңі өтті.
Фестивальдің мақсаты: педагогтардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, Қазақстан мектептерінің басшы-лары мен мұғалімдерінің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Фестивальдің міндеттері:
- педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру;
- білім беру кеңістігін ғылыми-әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіру;
- озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және тарату;
- заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізу және тарату;
- педагог мамандығының оң имиджін қалыптастыру;
орта білім беру жүйесін жаңғыртудың және тәжірибе алмасудың
өзекті мәселелерін талқылау үшін пікірталас алаңдарын құру;
- жас педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
- жаңашыл мұғалімнің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу.
Конкурс нәтижесіне сәйкес, «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша (психологтар, логопедтер, әлеуметтік педагогтер, дефектологтар) мектебіміз педагог-психологі Балтабаева Айдана Сапарбайқызы І орын, «Шеберлік палитрасы» бағыты қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден (қазақ, орыс тілдері, әдебиет,) қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кикымова Карлыгаш І орын, «Шығармашыл толқын» бағыты бойынша (бастауыш сынып және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері) Қабылова Қымбат Чырбақызы ІІІ орынға ие болды. Құттықтаймыз!
Конкурстың «Психолог сандықшасы» бағыты бойынша Балтабаева Айдана Сапарбайқызы мен «Шеберлік палитрасы» бағыты қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы пәндерден Кикымова Карлыгаш қалалық кезеңге жолдама алды. Сәттілік тілейміз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: