Оқушыларымыз қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атануда! » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушыларымыз қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атануда!
07
желтоқсан
2020

Оқушыларымыз қалалық ғылыми жобалар конкурсының жеңімпазы атануда!


ҚР Білім және ғылым министрлігі "Дарын" республикалық ғылыми-практикалық орталығының жоспарына сәйкес Алматы қаласы Білім басқармасының "Алматы дарыны" дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау жөнінде орталығы 9-11 сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық  ғылыми жобалар конкурсының қалалық кезеңі өтті. Мектебіміздің 10-сынып оқушылары қалалық ғылыми жобалар конкурсына қатысып жүлделі орындарға ие болуда. Информатика секциясы бойынша  Нурлан Ділдә мен Несілжан Ансар 2-орын,  ғылыми жетекілері: Дюсупова Анар Калдановна, Нагымбаева Галия. Физика секциясы бойынша  Калибай Айша 3-орын, ғылыми жетекшілері:  Шаулиева Нургайша Турлыбековна, Ергеш Жәудір Кенжебайқызы. Математика секциясы бойынша Кургенбаева Аяулым мен Асетқызы Нұрай 3-орын, ғылыми жетекшілері: Ахметова Улбосын Абилкасимовна,  Букарбекова Асем Байсултановна. Құттықтаймыз! Алдағы уақытта басқа секциялар бойынша ғылыми жобаларын қорғайтын оқушыларымызға  сәттілік тілейміз! Біз Сіздермен мақтанамыз!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: