05
қараша
2024
«Мен оқыған ертегілер» атты оқу марафоны
№182 мектеп-гимназия кітапханасында бастауыш сынып оқушыларына «Мен оқыған ертегілер» атты оқу марафоны ұйымдастырылды. Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру бағытында кітап оқуына басшылық жасау, қызығушылықтарын ояту, қазақ ертегілерін насихаттау бойына рухани құндылықтарды ұялату мақсатында үзілісте бір мезет ертегілер оқуына бағыттау.
Мектебіміздің бастауыш сынып оқушылары «Қазақстан халқы ертегілері», «Күнбике», «Хайуанаттар ертегілері» кітаптарын оқып, тіл байлығын, сөздік қорларын дамытуда. Нәтижесінде оқырмандар кітапхана қорындағы көркем әдебиеттермен танысып, оның ішінде ертегілер еліне саяхат жасады.