«Бала бойындағы кереметті қалай анықтаймыз» тақырыбындағы шеберлік сабағы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Бала бойындағы кереметті қалай анықтаймыз» тақырыбындағы шеберлік сабағы
06
қаңтар
2023

«Бала бойындағы кереметті қалай анықтаймыз» тақырыбындағы шеберлік сабағы


06.01.2023 ж. күні қазақ тілі пәні мұғалімдері «Бала бойындағы кереметті қалай анықтаймыз» тақырыбында шеберлік сабағын өтті. Мақсаты оқушы бойындағы дарынды, қабілетті дамыту тәсілдерін зерделей отырып , пән мұғалімдеріне оқушылардың пәндік білімдеріне, ептіліктеріне және дағдыларына сүйене отырып, дамытуға әдістемелік қолдау көрсету.
Шебер сабақта мұғалімдер жеке тұлғаның одан әрі өз бетінше білім алуы мен дамуына қажетті негізгі құралдардың бірі болып табылатын функционалды оқу сауаттылығын арттырудың креативті әдістерімен танысып, оқушылардың алған білімі мен дағдыларын шынайы өмірлік жағдайларда табысты жүзеге асыруы үшін қажетті құзыреттіліктерді дамыту құралдарына бағытталған тапсырмалармен жұмыстар жүргізді . Әр ұстаздың дарынды, қабілетті баланы көре білуге бағытталған тапсырмалар мен жұмыстар орын алды. Іс-шара барысында жас мамандармен топтық жұмыс жасай отырып, проблемалық ситуацияларды шешу жолдарын бірге талқылады.
Мектеп директоры Асет Нұрғазы дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрін жүйелі, орынды ұйымдастыру әр ұстаздың бала жанын дұрыс түсініп, үлкен педагогтік шеберлік екенін айтып өтті. Сыныптан тыс жұмыстарда оқушының белсенділігіне, тапқырлығына, дамытушылық, логикалық, зерттеу сұрақтарын тиімді орындап, мұқият жауапкершілікпен жанындағы жолдастарымен тез тіл табыса білуіне, сөйлеу шеберлігіне, сөздік қорының мөлшеріне баса назар аудару қажет екенін түсіндірді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: