«Толқындық қозғалыс» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Толқындық қозғалыс» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ
15
ақпан
2022

«Толқындық қозғалыс» тақырыбында физика пәнінен ашық сабақ


Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың физика, математика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады. Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту және оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осы орайда мектебімізде жаратылыстану-математика әдістемелік бірлестігінде «Цифрлық әлемге-кемел біліммен» тақырыбында онкүндігі жоспарына сәйкес физика пәні мұғалімі Шаулиева Нургайша Турлыбекқызы санитарлық талаптарды сақтай отырып, 9 «В» сыныпта «Толқындық қозғалыс» тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақ барысында оқушылардың назарын сабаққа аудара отырып, күндегі дәстүр амандасу жаттығуынан басталды. Оқушылар «Механикалық қозғалыс», «Тербелмелі қозғалыс», «Толқындық қозғалыс» деп үш топқа бөлінді. Оқушыларды физикадан өткен механикалық және тербелмелі қозғалыстарды қайталай отырып, жаңа тақырып арқылы үш топқа тапсырма берілді. Сабақта оқушыларды топтастырдым, сыныпта құрылған ережелерді қайталата отырып, есте сақтау қабілеттерін тексерілді. Топ белсенді толықтыру арқылы әрекет етіп, бірін бірі қолдау арқылы сұхбат құруға, топпен жұмыс жасауға және оқулықты пайдалана отырып, тапсырмаларды орындады. Үй тапсыпмасын тексеру барысында үйге берілген есептерді «Кім жылдам» ойыны бойынша жұптасып, тексере отырып, интерактивті тақта арқылы есептер шығарылды. Оқушылардың қарым-қатынасы жақсы болып, топпен бірлесе отырып жұмыс жасады.
Жаңа тақырып бойынша оқушылар физикалық шамаларды тану барысында жана ақпаратпен танысады, жаңа ақпаратты өзінде бұрын бар біліммен тәжірибе алмасып, «физика өмірде қажет пе, қажет емес пе?» деген сауалдар қою арқылы оқушылармен пікір алысты. Оқушылардың барлығы физиканың өмірде қажет екендігі туралы бірнеше дәлелдер келтіріп, сабақты өмірмен байланыстырды. Есеп шығару барысында да шапшаңдық пен тапқырлық қажет екенін білді.
Физика пәні эксперименттік ғылым, сол себепті сабақтың негізгі бөлімінде тәжірибелік жұмыс жасалынды. Онда денелердің көлденең және бойлық толқыны қалай болатынын байқады.
Үйге тапсырма берілгеннен кейін, сабаққа қатысқан оқушыларды топ басшысына берілген жұлдызшалар арқылы бағалады. Оқушылар сабақтан алған білімдерін, көңіл-күйлерін стикерлерге жазып Алма ағашына жабыстырды. Сабақ жоғары деңгейде өтілді.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: