«Үздік информатик» сайысы » №182 мектеп
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№182 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(727) 248-59-62
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-29-03
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Үздік информатик» сайысы
24
ақпан
2022

«Үздік информатик» сайысы

«Үздік информатик» сайысы
Бүгінгі таңда ғылым мен техниканың қарқынды дамып, еліміздің экономикасы өсіп, үкімет үдемелі индустрияландырудың керемет жобаларын жүзеге асырып отырған кезеңде оқушылардың физика, математика пәндерінен біліміне, компьютерлік сауаттылық деңгейіне қойылатын талап та жоғары. Болашақта білімді ұрпақ керек, ал білім кілті – барлық нақты ғылымдардың негізін меңгеруде. Себебі, физикалық білімі мықты, компьютерлік сауаттылығы жоғары әрі ойлау қабілеті дамыған бала ғана ғылым мен техника тілін табысты меңгере алады.
Әр баланың жеке бір ғылымға деген қабілетін ескере отырып оқыту және оқушылардың бойында білімге деген қажеттілікті сезіну, білім алу үшін өз бетінше іздену, жаңашылдыққа ұмтылу қасиеттерін тәрбиелеу - сабақта ғана емес, сыныптан тыс жұмыстарда да жүзеге асырылуы керек.
Осы қағидаттарды ескере отырып, 10-сынып оқушылары арасында «Үздік информатик» деп аталатын сыныптан тыс шара өтті.
Шараның мақсаты: оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, танымдық іс-әрекеті мен ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, сөз мәдениетін жетілдіру, шығармашылық ізденістерін арттыру.
Сайыс барысында оқушыларды жеребе тарату арқылы 2 топқа бөлініп, сайыс алды көңіл-күйлерін реттеу мақсатында А, Б, Д, Г, Ж әріптерін ұсынып әр топқа бір әріп таңдатып, «Бүгінгі көңіл – күйіңіз?», «Сайысқа дайындығыңыз қалай?», «Қандай пәнді ұнатасыз?», «Мектепке немен келдіңіз?», «Сыныптастарыңызға қандай тілек тілейсіз?» деген сұрақтар қойылды.
Келесі кезеңде сөз жұмбақ арқылы оқушылар өз топтарының жасырылған атауын тапты. Одан соң ары қарай оқушылар «Кім білгір?» кезеңі арқылы компьютердің ішкі құрылғыларының атауын және қызметін атап өтті.
«Құпия жәшік» деп аталатын ойында Әль-Фараби дөңгелегі тәсілін пайдаланып, оқушыларға пәнаралық байланыс сұрақтары қойылды.
Соңғы кезең «Дешифратор». Бұл кезеңде оқушыларға астарланған мақал-мәтелдер беріліп, оған оқушылар қазақтың тура мақал-мәтелдерімен жауап берді.
Әрбір кезеңнен кейін оқушыларды 3-түсті жалауша арқылы бағаладық. (жасыл-5ұпай, сары-3ұпай, қызыл-1ұпай)
Жалаушаның түсі мен санына байланысты топтардың қорытынды жинағын есептеп қайсы топтың жеңіске жеткенін анықталды.
Сайысты ұйымдастырушылар информатика пәнінің мұғалімдері Мамырбаева А.Ж., Нагымбаева Г.Н., Малдыбаев Т.Н., Курманбай Г.Ж. Борантай М.Ә.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: